«Сапро-нат» ЖШС-ның «Пиролизді ұзақ жанатын қазандық өндірісі» жобасын жүзеге асыруға Дүниежүзілік даму банкінің гранты берілген. Жоба құны 8,5 млн теңге.
«Әлемдік тәжірибені зерделей келе, қазандық ұзақ жануы тиіс деген тұжырымға келдім. Олар экологиялық, қолданылып жүрген қазандықтардан қатты ерекшеленеді. Электроникамен басқарылатындықтан, өте үнемді. Үшінші - электр энергиясын үнемдейді. Қазандық жұмыс істеп тұрған кезде пиролиздік жану жүзеге асып, түтін болмайды. Орын алған химиялық үрдістен барлық зиянды заттар жанып кетеді. Мектепті жылытуға бұрын 500 тонна көмір кетсе, енді ол 200 тоннаға азаяды», - деді ЖШС директоры А. Топченко.
ҚР БҒМ «Коммерциялық технологиялар орталығы» ЖШС-ның қолдауымен СҚО Аққайың ауданындағы мектептерде пилоттық төрт модульдік қазандық қондырғы құрылысы жүргізілуде.
Төрт қазандықты енгізу жыл сайын аудан бюджетіне шамамен 13 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жоба табиғи ресурстарды тиімді пайдалану есебінен «жасыл экономикаға» көшу аясында іске асырылуда. Сондай-ақ соңғы пайдаланған өнімдерді өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте «жасыл» экономика қазіргі уақытта сарқылуға бейім ресурстарды үнемді тұтынуға бағытталған.