СҚО-да ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл толуына арналған шаралар өтуде

ПЕТРОПАВЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды шаралар мен акциялар өтуде.

Бұл күні Петропавл қаласының көшелерінде еліміздің 200-ден астам көк байрағын алып жүреді.

«Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінің бастамасы бойынша 29 мамырда 25-тен артық  қатысушы мінген насихат пойызы облыстың барлық аудандарын аралады.

Бүгін насихат пойызы Петропавл қаласына келіп, сағат 15.00-де қалалық автожарыстың қатысушыларына эстафетаны тапсырады. Олар болса ҚР ІІМ Ішкі әскери институтының алдынан ҚР Мемлекеттік рәміздердің алаңына дейін жүріп өтеді. Петропавлдың көшелері бойынша 10 көлік 14 туды алып  жүреді.

Соңынан «Біздің көк байрағымыз!» патриоттық акциясын өткізу жоспарлануда. Ол 5х10 метрлік Мемлекеттік тудың салтанатты эстафетасымен басталады. Осы акцияның аясында шеру ұйымдастырылады.

Қаланың орталық алаңында 5000-нан аса адамдардың қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты патриоттар форумы ұйымдастырылады. Форум аясында қоғамдық қозғалыстардың көшбасшылары, мәдениет және өнер саласының танымал өкілдері, спорт мен ғылым саласының өкілдері мен жастардың көшбасшылары сөз сөйлейді деп күтілуде.

Аталмыш форумның аясында «Жыл патриоты - 2012» аталымында Отанына деген сүйіспеншілігін бірнеше рет дәлелдегендер марапатталады.