«Қазір менде 120 қазақтың ақ бас сиыры мен 50 жылқы бар. Ал өз қаражатыма трактор мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алдым. Енді өтінім бердім, мемлекет маған сол техникаға жұмсаған қаражатымның жартысын қайтаратын болды», - дейді Дмитрий Кайнов.
Оның айтуынша, Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға ниет білдіргендер үшін барлық жағдай жасалған.