Ұйымдасқан қылмыстық топ салықтан жалтарған кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар беріп келген. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келген.
«Ұйымдасқан қылмыстық топ былтыр маусым айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Олардың заңсыз қызметіне 300-ден астам бизнес өкілі жүгінген. Сотқа дейінгі тергеу барысында келісімдердің жалғандығы анықталды. Сондай-ақ сот 14 кәсіпорынның тіркелген және қайта тіркелген құжаттарын заңсыз деп тапты», - дейді СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастығы Нұрымжан Абатов.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта шамамен 25 млн теңге бюджетке қайтарылды. Тергеу аяқталып, 11 эпизод, 206 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды.