«Ақбидай» жарысы ең соңғы рет осыдан 22 жыл бұрын өткен болатын. Бүгінгі жарысқа облыс аудандарының барлығынан 1,5 мың спортшы жиналды. Жарыс спорттың 16 түрі бойынша өтеді.
Ойындардың ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Біләлов қатысып, спортшылар мен жанкүйерлерді қарсы алды.
Аймақ басшысы бұл жарыстардың ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында өтіп жатанын атай келе, спортшыларға жеңіс тіледі.