СҚО-да өрт кезінде әйел мен екі баланы күйік шалды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылында Комсомольская көшесі бойында орналасқан жекеменшік 2 пәтерлі үй 6 маусым күні сағат 03.05-те отқа оранды.

Өрт сағат 06.18-де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

 Жалын 27 шаршы метрді шарпыды. Өрт болған жерде күйік шалған 27 жастағы әйел мен 7 және 2 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді.