ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалынды жеті жарым сағатта сөндіру мүмкін болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 160 шаршы метрді құрады. Өрт орнында 1 және 2 жасар сәбилердің мәйіттері табылды, сондай-ақ 32 жастағы әйел түрлі күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
08:32, 16 Қаңтар 2013
СҚО-да өртте 2 сәби мерт болды, әйел ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Ұзынжар ауылында орналасқан бір қабатты екіпәтерлі тұрғын үйде кеше таңертең өрт болды.