Бұл ақпарат жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін өткен брифинг барысында айтылды.
Статистика департаментінің бастығы Ольга Перепечинаның айтуынша, сиыр еті бағасының айтарлықтай қымбаттауы тіркелді - 14,6 пайыз, шошқа еті - 15,7 пайызға қымбаттады. Жылқы еті мен қой еті аздап қымбаттады. Көкөністердің бағасы 6,7 пайызға өсті.
Сондай-ақ брифингте облыс экономикасының дамуындағы оң беталыстары тұрғындардың өмір деңгейі мен еңбек нарығының жағдайына жақсы әсер тигізіп жатқаны атап өтілді. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тұрғындардың орташа жиынтық атаулы ақша табысының өсімі байқалуда.