СҚО-да полицияның барлық бөлімшелерінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық көру ұйымдастырылды

ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының барлық полиция бөлімшелерінде жеке құрамның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ұжымдық көру ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстың барлық полиция қызметкерлері, қоғамдық тәртіпті қорғауда жүргендерден басқалары, тікелей эфирде арқылы Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы үндеуін көруге мүмкіндік алды.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - барлық қазақстандықтар қызығушылық танытатын маңызды тарихи құжат. Елді дамыту бойынша атап өтілген он әлеуметтік-экономикалық міндеттер арасында құқық қорғау жүйесін қайта жаңғырту да бар.

Президент биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қайта аттестациялаудан өтуін тапсырды. Бұдан кейін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және әлеуметтік пакетті кеңейтуді жақсарту мәселелері шешілетін болады. «Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодексі, жеке детективтік қызмет туралы заңнама әзірленуін аяқтау керек. құқық қорғау және арнайы органдардың сапалы кадрлық жаңартылуы маңызды мәселе  болып табылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.