«Челябинск-Новосібір» тас жолының 528 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Айналма жол Петропавл қаласын айналып, «Петропавл-Астана» және «Астана-Омбы» жолдары арқылы өтуде.
Оқиға орнында тасыған суды құбырлар арқылы тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол бойында тәулік бойы бақылау орнатылған, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.