Инвестициялардың жалпы көлемі 31 млрд. теңгеден асады, соның ішінде өткен екі жылда 11,1 млрд. теңге игерілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бір жоба іске асырылды - «СБИ-Агро-Ташкентка» ЖШС-нің 440 мал басына арналған тұқымдық репродукторы.
Биылғы жылдың 1 сәуірінде ҮИИД бағдарламасына кіретін 13 кәсіпорында өндіріс басталды. Көптеген жобалар енді іске қосылуда, өнімдер шығарыла бастады, кәсіпорындар өнімді өткізудің қосымша нарықтарын іздеуде.