«Бүгінде Горьковское ауылында 900 адам тұрып жатыр, бұл елді мекеннің аудан орталығынан қашықтығы 110 шақырымды құрайды, бұл аралықты жүріп өту уақыты өрт сөндіру бөлімшесінің нормативтік жету уақытынан бес есе көп болып тұр. Қысқы уақытта бұрқасын болып, жолды қар басқанда жергілікті тұрғындардың орын алып жатқан өртпен күрес жүргізуі қиындық туғызады. Ал елді мекендерде өрт оқиғалары сирек жағдай емес», - делінген хабарламада.
Енді өрт сөндіру бекеті Новосельский ауылдық округі, сондай-ақ жақын жатқан елді мекендер аумағының қорғанысын қамтамасыз етеді.
Барлық жеке құрамы арнайы киіммен жабдықталған, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.