СҚО-да «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының іске асырылуына биыл 2,3 млрд. теңге бөлінген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуына 2,3 млрд. теңге бөлінген.

Бұл туралы ОКҚ-нің солтүстікқазақстандық филиалында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова хабарлады.

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасының іске асырылуына биылғы жылы 2,3 млрд. теңге бөлінген, соның ішінде 1,5 млрд. теңге республикалық бюджеттен жіберілді. Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде бағдарламаға 3964 адам қатысты», - деп атап өтті А.Дүйсенова.

Бағдарламаның бірінші бағытының аясында 32 жоба іске асырылған. Екінші бағыт бойынша мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, жолаушылар және жүк тасымалдарын ұйымдастыру, азық-түлік өнімдерін шығару, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға жалпы сомасы 451 млн. теңгеге 235 шағын несие бөлінген.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша 31 адамнан тұратын 11 отбасы көшірілді.