Бұл туралы СҚО экономика басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің жетекшісі Жанар Ахниева ақпараттандырды.
«Біздің облысымызға 2015 жылға бюджеттік несие түрінде 416 млн. 220 мың теңге жіберілген. Жергілікті бюджетте 44 млн. теңге көлеміндегі қаражат қарастырылған. 1 қазанда 98 маманға 264 млн. теңгеге бюджеттік несиелер бөлінді. 70 жас маман білім саласында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 206 маманға 28,6 млн. теңгеге жәрдемақы берілді», - деді Ж.Ахниева.