Баланың өліміне қатысты полиция қызметкерлері күдік келтірген оның өгей әкесін қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бала өткен сенбі күні Айыртау ауданы Лобаново ауылында түскі ас кезінде өлтірілген. Жүргізілген тергеу барысында Айыртау аудандық ішік істер бөлімінің қызметкерлері үш жастағы ұл бала бөлмеде ойнап отырғанын анықтады. Сол кезде алкогольді ішімдікке мас болған оның анасы көрші бөлмеде ұйықтап жатады. Оның өгей әкесі де мас болған.
Баланың жанында отырған өгей әке түтіктегі кремді төгіп тастағаны үшін сәбиге ұрсады. Қылмыскердің өзі түсіндіргендей, ес білмейтін бала айтқанды тыңдамаған соң ол ас үйден пышақ алып, баланың дәл жүрегіне сұғып алады.
Баланың жылаған дауысын естіп анасы оянады да шу шығарады. Ер адам оның арқасына да пышақ сұғып алған. Жараланған сәбиін алып ана дәрігерге жүгіргенімен бала көз үзілңп кеткен еді. Болған жайтты полицияға фельдшер хабарлайды.
Оқиға орнына келген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өз кінәсін мойындаған ер адамды қолға түсірді. Ол екі жылдан бері бірінші некеден баласы бар 21 жастағы әйелмен бірге тұрып жатқанын айтты. Осы уақыт бойы ол баланы жек көріп, оның еркелігіне ызасы келетінін мойындады. «Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, қылмыскер уақытша қамау орнына жабылды. Баланың анасы ауруханада жатыр.