СҚО диқандары аграрлық несие корпорациясынан 6 млрд. теңге көлеміндегі қаржыны қарызға алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларына биылғы жылы көктемгі егістік және орақ жұмыстарына 6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы аграрлық несие корпорациясы СҚО-ның Қызылжар ауданында ұйымдастырған баспасөз туры кезінде ақпараттандырды.

«2015 жылы біз аймақтың ауылшаруашылық тауар өндірушілерін жалпы сомасы 6 млрд. 700 млн. теңгеге қаржыландырдық. Соның ішінде республикалық бюджеттен екінші деңгейдегі банк кепілдігімен бөлінген сома 4,5 млрд. теңгені құрады. Несиелік серіктестіктер жүйесі арқылы сома 2,2 млрд. теңгені құраған. Бұл қаражат аймақтың ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жанар-жағармай материалдары, тұқым, гербицидтерді уақытылы сатып алып, жалақыны төлеуге, яғни, жақсы өнім алу үшін барлық аграрлық шараларды өткізуге көмектесті», - деп хабарлады «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның СҚО-дағы филиалының басшысы Серік Ахметбеков.

Жыл басынан бері осындай мемлекеттік қолдауды 400-ден астам солтүстікқазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушісі пайдаланған.