Аталған ведомство бұл ұйымның жұмысынан ҚР бәсекелестікті қорғау заңнамаларына қатысты құқық бұзушылықты анықтаған.
«Жеке кәсіпкерлер үшін аймақтық тәулік бойынша дифференциалды тарифтерді жою алдында заңды тұлғалар үшін аймақтық тәулік бойынша дифференциалды тариф қолданылды. 2017 жылдың 24 шілдесінен бастап жеке тұлғалар үшін тұтыну көлеміне сараланған тариф қолданылады. Заңды тұлғаларға арналған демалыс тарифі қолданылу керек болатын», деді департамент басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова.
Салдарынан жеке кәсіпкерлер белгіленген сомадан артық төлеген. Департамент монополистке қайта есептеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ескерту жіберді.