Отырыста ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінді. Ол әзірге негізгі сала болып табылып, өндірілген өнімнің ең көп көлемін беріп отыр. Былтыр өндірілген өнім көлемі 520 миллиард теңгені құрап, үш жылдың ішінде 109 миллиард теңгеге өскен.
Аймақ басшысы келесі жылы егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Қ.Ақсақаловтың айтуынша, биылғы жылдың қорытындылары агроқұрылым кірістерінің көбейгенін көрсетті. Облыс әкімі әр ауданда экологиялық таза өнімді шығару жұмыстарын ұйымдастыру, осындай өнімдерді өсірумен айналысатын шаруашылықтарға көмектесуді тапсырды.
Мал шаруашылығы саласы мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеуге көп сенім білдіріліп отыр.
Биыл облыстың Мамлют, Қызылжар және Аққайың аудандарында сүт кешендерінің құрылысы аяқталып жатыр. Облыс әкімі Есіл, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев атындағы аудан әкімдеріне тура осындай кешендерді салуды тапсырды.
«Есіл және М.Жұмабаев атындағы ауданда мал бордақылау алаңдарын құру қажет. Сүт өндірісінің көлемін 570 мың тонна, ет өндіру көлемін - 58 мың тоннаға дейін жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы басқармасы шошқа өсіру, сүт және ет өндірісі бойынша генетикалық орталықтарды құру мәселелерін пысықтасын. Негізгі шаруашылықтар бар. Шетелден қымбат малды сатып алуды азайту керек», - деп атап өтті Қ.Ақсақалов.
Облыс әкімінің айтуынша, аймақта құс шаруашылығы қалыпты даму үстінде. Өткен жылы 809 миллион дана жұмыртқа өндірілген, өсім 16 пайызды құрады. Облыс жұмыртқа өндіру көлемі бойынша республикада үшінші орында. Республикалық көлемнің 14,5 пайызы аймақта шығарылады. Бұл өнімнің экспорты былтыр 74 пайызға өскен.
Қ.Ақсақалов аймақта өндіріліп отырған ауылшаруашылық өнімдерді барынша қайта өңдеу керек екеніне сенімді. Егер сүт өңдеу жұмыстары жақсы жүріп жатса - бұл бағыттағы кәсіпорындар жұмыспен 90 пайызға жүктелген. Ал ет өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен жүктелуі небәрі 32 пайызды құрап отыр. Облыс әкімі оның себебі кәсіпорындардың тоқырауында деп санайды.
«Көптеген кәсіпорындар ескіріп, жаңартылмай отыр. Ет өнімдері өндірісін көбейту үшін кәсіпорындардың менеджментін жақсартып, жабдықтарды жаңарту, ет өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау - қаржыландыру, инфрақұрылымды салу мәселелерін шешу қажет. Жалпы алғанда, заманауи талаптарға сай жаңа жоғарытехнологиялық кәсіпорын құру қажеттілігі бар. Жол картасын әзірлеп, кәсіпкерлер, мамандарды шақыру, сауда желілері мен мемлекеттік қолдау шараларын жұмылдыру қажет. Нақты әрі түсінікті жүйе құру керек», - деді облыс әкімі.
Жергілікті билік тура сондай жолдарды бидай өңдеу кәсіпорындарға қатысты қолдануды ұсынып отыр. Қ.Ақсақаловтың пікірінше, солтүстікқазақстандық диірмендер өз жабдықтарын көптен бері жаңартпай, сұрыптамасын кеңейткен жоқ. Осы арада нарық жүйесі үнемі жетілдірілуді, бәсекеге қабілеттілікті арттыруды талап етуде. Бұл саладағы қор үлкен - былтыр аймақта өндірілген бидайдың тек 17 пайызы қайта өңделген. Облыс әкімі әр аймақта диірмендер жағдайын талдаудан өткізіп, өндірушілерді қызықтырып, кәсіпорындарды жаңғыртуды, сол арқылы жыл қорытындылары бойынша өндірілген өнімнің қайта өңделуін 25 пайызға дейін өсіруді тапсырды.
«Бидай дәнін қайта өңдеу - болашағы зор бағыт. 8 жыл тұрып қалған «Биохим» жұмысын қайта бастады. Оның қуаттылығы өндірілген бидайдың 7 пайызын қайта өңдеуге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі кезде біз глютен мен крахмалды алып отырмыз. Біздің глютеніміз АҚШ нарығы үшін балауыз жеткізушілерінің тізілімінде тіркеліп, экспортқа жіберіліп отыр. Бір тонна бидайды терең қайта өңдеуден біз 343 келі крахмал аламыз, оның келісі 120 теңге тұрады. Сондай-ақ, бір келісі 645 теңге тұратын 85 келі клейковина, 36 мың тұратын 354 келі азық аламыз. Нәтижесінде бір тонна бидайдан шығарылатын дайын өнімнің бағасы 108 мың теңгені құрайды, бұл шикізатпен салыстырғанда екі есе көп, оның бір тоннасы 56 мыңнан. Бұл - ары қарай жүруіміз тиіс жол, инвесторлар іздеуіміз қажет», - деп атап Қ.Ақсақалов.
Автор: Олеся Жуковень