деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Шараның басты мақсаты - полиция қызметкерлерінің беделін өсіріп, полиция мамандығының танымалдылығын арттыру, облыс полициясының қару-жарағындағы арнайы техника және құрылғылармен азаматтарды таныстыру.
Петропавлдағы қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алдында арнайы көліктердің, көшпелі зерттхананың, автокөліктердің көрмесі қойылған. Ілініп тұрған бірнеше қабырға хабарламалары басқарманың есірткі бизнесіне қарсы жасап жатқан жұмысынан хабар береді. Бұл жерге келгендердің, әсіресе, балалардың назары жергілікті кинологиялық питомниктің қызметтік иттеріне түсті.
Осындай Ашық есіктер күні облыстағы басқа да қалалық және аудандық ішкі істер департаменттерінде өткізілді.