СҚО кәсіподақ активінің жиналысында кәсіподақтардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің ынтымақтастығы талқыланды

ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақ активінің жиналысы болды. Онда «Кәсіподақ, жұмыс беруші және қызметкер: үшжақты әріптестік қатынастарды дамыту мәселелері» тақырыбы талқыланды.

Актив жұмысына республика аймақтарынан Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты, олар екі күн бойы облыстың ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов өз сөзінде «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың байсалды саясатының арқасында елде күшті әлеуметтік саясатты орнықтыруға бағытталған әлеуметтік саясат жүргізілуде», деп атап өтті.

Жиналыста, атап айтқанда бүгінгі таңда СҚО-да 3330 кәсіпорында үшжақты шарттар жасалғаны аталып өтті. Облыста биыл үшінші жыл «Шарт жасас» акциясы өтуде. Кәсіподақтар еңбек жағдайын жасауды талап етумен қатар, қазақстандықтарды жұмысқа орналастыруға белсене қатысуда, бұл міндетті шешуге «Жол картасы» көмектесуде.

Жиналысқа ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев қатысып, сөз сөйледі.