СҚО кеденшілері Ресей азаматын есірткімен ұстады

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері СҚО Уәлихан ауданы Кішкенекөл ауылынан Омбы қаласына қарай ВАЗ-21093 автокөлігімен есірткі тасымалдап бара жатқан РФ азаматын «Бидайық» кеден бекетінде ұстады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО бойынша КБД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 4,2 килә болатын, кептірілген марихуана болып шықты. Ұсталған адамның айтуынша, есірткіні шекарадан алып өтуді бір танысы сұраған көрінеді.Осы факті бойынша оған қарсы ҚР ҚК 259 бабына сәйкес (есірткіні заңсыз ұстағаны және контрабанда) қылмыстық іс қозғалды.Жыл басынан бері СҚО кеденшілерінің күшімен кедендік заң бұзушылармен күрес жүйесі бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды, оның 8-і есірткі саудасына байланысты. Ал, бүгінгі күнге дейін 168 килә есірткі түрлері тәркіленді.