СҚО-ның полиция қызметкерлері «Тайота Ланд Краузер - 100» маркалы көлікті ұрлап кеткен Астана қаласының екі тұрғынын ұстады

ПЕТРОПАВЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ІІБ жол полициясы бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз түрде бөтеннің көлігіне ие болған Астана қаласының екі тұрғынын ұстады,

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Айыртау ауданының ІІБ кезекшілік бөлішесіне Саумалкөл ауылының 25 жасар тұрғыны қоңырау шалып, арызданды. Оның айтуынша, шамамен сағат 23.00-де Шалқар өзенінің жағалауында орналасқан демалыс орнының аумағынан белгісіз біреулер «Тайота Ланд Крузер -100» маркалы көлікті ұрлап кеткен.

Сұрау кезінде анықталғандай, көліктің иесі ұрлап кеткен адамдардың кім екендігін болжауда. Жуырда ол Астана қаласының екі тұрғынымен спирттік ішімдік ішкен, көңілді отырыстың бір уақытында зардап шегуші өзеннің жағалауымен серуендеп келуге кеткен. Алайда ол оралғанымен көлік пен «достарының» жоқ екендігін көреді. 

Нәтижесінде осы уақытта кезекшілік еткен барлық бөлімшелерге, Айыртау ауданының полиция және жақын орналасқан аудандардың бөлімшелеріне ұрланған көлікке қатысты бірнеше ақпарат берілген. Бірнеше ондаған минуттардан кейін жол полиция инспекторлары «Имантау - Саумалкөл» тас жолында, Шалқар өзенінен 20 шақырым жерде жүргізуші мен жолаушы мінген «Ланд Крузер» маркалы көлікті ұстады.

Қазіргі уақытта полицияға қарсылық көрсеткен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, оның серіктесіне ешқайда кетпеу жайлы қолхат берілген.