«Ербол Сағдиев 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Өндіріс ауылында туған. 1983 Алматы зооветеринарлық институтын, зооинженер мамандығымен, 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, құрылыс бакалавры мамандығымен бітірген», - делінген хабарламада.
Еңбек жолын 1985 жылы Қостанай мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында №3 бөлімшенің зоотехнигі болып бастады. 1985-1988 жылдары Көкшетау ауданының КПСС 24-ші съезі атындағы кеңшарында селекционер-зоотехник, бас зоотехнк болып жасады. 1988-1992 жылдары - Көктшетау ауданы КПСС 24-ші съезі атындағы кеңшардың директоры. 1982-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Зеренді ауданының «Қонысбай» АҚ төрағасы. 1998-200 жылдары - Ақмола облысының Зеренді ауданында «Сушы» АҚ төрағасы. 2000-2002 жылдары - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары.
2002-2003 жылдары - Ақмола облысы Зеренді ауданы «Сушы» қалалық коммуналдық кәсіпорнының директоры. 2003 жылы - Ақмола облысының Зеренді ауданында «Қазмұнайгаз» ЖШС-ның «Сұңқар» сауықтыру кешенінің директоры болды. 2003-2012 жылдары Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі. 2012-2013 жылдары - Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі. 2013 жылдан осы тағайындалуға дейін Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
.