Петропавл қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күш-құрылымдардың күшейтілген режимдегі жұмысқа дайындықтары тексерілді.
«Қоғамдық қауіпсіздік қызметіне күніне 300 полиция мен әскери қызметкер кіріседі. Сондай-ақ 43 техника жұмылдырылады. Арнайы 30 бағыт қарастырылған. Қоғамдық қаіпсіздікті қамтамасыз етуге сонымен қатар күзет құрылымдары да атсалысады»,-деді полиция ведомствосының баспасөз қызметі.
Гарнизон жиынында облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев қоғамдық тыныштықты күзетудегі ең басты міндет - халық көп шоғырланған орындарды бақылауға алу екендігін атып өтті. Мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті 600 полиция қызметкері мен 45 автошолғыншылар қамтамасыз ететін болады.