Үш күндік жедел алдын алу шарасының нәтижесінде жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері мен басқа да заң бұзушылар ұсталды.
«45 жастағы Петропавл тұрғыны өзінің делдалдық қызметін үш мыңға бағалаған. Саунада клиенттерге жеңіл мінезді қыздарды ұсынған. Осындай қылмысы үшін 23 жастағы қаланың тұрғын әйелі ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК 309-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», - делінген ІІД хабарламасында.
Тағы бір сауна қызметкері жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Бұл саладағы заңбұзушылықты бақылау жедел алдын алу шараларымен шектелмейді», деп атап өтті СҚО ІІД.