Бұл туралы балалар мен жасөспірімдерге арналған күрес спорты мектебі директорының орынбасары Светлана Спесивцева хабарлады, деп жазады sports.kz.
Атап айтқанда, дүбірлі додада Халықаралық спорт шебері Илья Хван 1-орынды және туль бағдарламасы бойынша 2-орынды иеленді.
Сондай-ақ спорт шеберлігіне үміткер Айгүл Қадарменова жеке спарринг - 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 2-орынды және 1-ші дан бойынша жеке туль бағдарламасы бойынша 3-орынды, сонымен қатар командалық есепте спаррингте 3-орын алды.
Айта кетейік, чемпионат 19-24 ақпан аралығында өтті.