деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Командалық және жеке бәсекедегі жеңістер үшін 73 спортшы бақталасты. Олар Баянауыл ауданының жазық даласы мен таулы жолдарында 900 шақырымнан астам жолды еңсерді. Күрделі жарыстың соңғы сатысына тек 48 велошабандоз ғана жетті.
Жарыс басталған мезеттен бастап, көшбасшы орынды Солтүстік Қазақстан облысының екі құрама командасы иеленді. Олар бірінші және екінші орындарды иеленіп, үшінші орынды Астана спортшылары місе тұтты.