Словакиядағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден бастап түнгі сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасаған.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің айтуынша, Фицоның учаскелердің 97,7%-нан мәліметтерді өңдеген соң 28% дауыс жинағаны мәлім болған. Ал, белгілі филантроп және кәсіпкер Андрей Киска небәрі 24% дауысқа ие болған.