Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева мезгілсіз қайтыс болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының халқы ауыр қайғыға ұшырады. Жұма күні Алматы облысына қарасты Көксу ауданындағы Еңбекші ауылында Социалистік Еңбек ері, екі Ленин орденінің иегері, Қазан Төңкерісі мен Еңбек Қызыл Ту ордендерінің, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Жоғары Кеңесі кейбір шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаева қайтыс болды.

Зылиха Тамшыбаева 1936 жылдың 5 қазанында Талдықорған облысының Шанхай ауылы Гвардия ауданында дүниеге келген. 1954 жылы Қоғалы орта мектебін бітіреді. Өзінің еңбек жолын түлек бола жүріп бастаған, ол жастардың сүт-тауарлық фермасын құрып, үш жылдан соң бригадир, Ш.Уалиханов атындағы колхоздың сүт-тауар фермасының меңгерушісі болды.

1963 жылдан 1969 жылдар аралығында Гвардия ауданы Шанхай ауылдық Халық депутаттар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.

1969 жылдан 1970 жылдар аралығында Киров аудандық Халық депутаттар кеңесі атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болды.

1970 жылы «Еңбекші» совхозының партиялық ұйым хатшысы болып тағайындалды, 1971 жылы директоры болып сайланды. Бір ауылда, бір шаруашылықта Зылиха Тамшыбаева 35 жыл еңбек етті.

Зылиха Тамшыбаеваның төрт баласы, он екі немересі бар. Шөбере сүйген бақытты әже де еді.

З.Ж.Тамшыбаеваның жақындары мен туған-туыстарына облыс әкімі Серік Үмбетов пен оның орынбасары көңіл айтты.

«Басқарушылық ерекше талант, жоғары кәсібилілігі, өз ісіне деген сүйспеншілік пен адалдық - міне, осы мінездері үшін облыс адамдары Зылиха Жанболатқызын жақсы көретін, құрметтейтін және құрметтейтін болады да. Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген қазанамада.

Алматы облысында Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның жерлеу рәсіміне жауапты жеті адамнан тұратын арнайы комиссия құрылды.