Құмар Ақсақалов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Дәурен Жандарбек 1981 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Ленин ауылында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «экономист», «заңгер», «саясаттанушы» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Дәурен Жандарбек әлеуметтік ғылымдар магистрі, қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің бәсекелестікті дамытуды үйлестіру және қорғау бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2016 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясы бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
Облыс әкімі Дәурен Жандарбекке жаңа қызметінде сәттілік тіледі.