«Қыркүйектің 30-ында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Солтүстік» аймақтық басқармасының шекара отряды «Ақкөл» (СҚО) шекара бекетінде шекара бекетін айналып, Ресей Федерациясына өтіп бара жатқан екі Қазақстан азаматын қолға түсірді», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Олардың жеке заттарын тінту кезінде, жалпы салмағы 5 келі болатын марихуана есірткісі салынған қалта табылып, тәркіленді. Ұсталғандар Мамлютка стансысындағы ЖІІБ қызметкерлеріне тапсырылды.