Жол картасының төрт бағыттарының бірі жастар тәжірибесін ұйымдастырып, оны өткізу болып табылады. Облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша, 2010 жылы осы жоспарға сәйкес 1 025 адам тіркеліп, республикалық бюджеттен 123 миллион теңге бөлінген. Маусымның 1-індегі жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 13,2 миллион теңгесі немесе қаңтар-мамыр айларына арналған жоспардың 100 пайызы орындалған.
Осы жылдың басынан бері Жол картасына сәйкес облыстағы 167 кәсіпорын және ұйымдармен келісім жасаған.