Солтүстікқазақстандық энергетиктердің ауқымды жобалар бойынша салымы 3 миллиардтан астам теңгені құрайтын болады.
2009 жылдың 12 мамырынан бастап «Солтүстік Қазақстан Энерго» акционерлік қоғамын қайта жаңарту жөніндегі ұзақмерзімдік бағдарлама қолға алынған болатын. 2015 жылға дейін есептелген бұл бағдарламаның мақсаты - кәсіпорынның қуатын арттыру, зиянды қалдықтардың шығарылуын төмендету және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін жақсарту болып табылады. Осынау бағдарламаның аясында энергокешен салалық министрлікпен жыл сайын инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге отырады.