Сондай-ақ биыл майлы дақылдардың аумағы 50 мың гектарға дейін ұлғайды. Жем-шөп дақылдарының аумағы да артты, олар 70 мың гектарға орналастырылды. Жем-шөп дақылдарына арналған алқаптар көлемінің кеңеюі өңірде ірі қара мал басының 38 пайызға дейін артуымен байланысты.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының м.а. Алтынбек Әбиболлаевтың айтуынша, ауылшаруашылық өндірісті субсидиялауға 7,6 млрд. теңге қарастырылған, оның 5,1 млрд.теңгесі егістік шаруашылығына бағытталады. Жем-шөп және майлы дақылдардың алқабын ұлғайту мақсатында көпжылдық шөптер үшін шығынды өтеуге нормативтер арттырылды.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін агроөнеркәсіптік кешендер бюджеттік несиелердің және «ҚазАгро» АҚ-ның есебінен қаржыландырылды. Жалпы 20 млрд. теңгеге 322 өтінім бойынша несие үлестірілді.
Биылғы жылдың егіс науқаны ұйымдасқан түрде және тиімді уақытта өткізілді. Ол аяқталысымен арамшөптермен және зиянкестермен жұмыстар жалғасатын болады.
Көкөністерді егу жұмыстары 12 маусымға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.