Солтүстік Қазақстанда ел Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істеуде

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - СҚО-да ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша АНТ жұмыс істеуде. Оның құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бар, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы жұмыстың аясында сауда-өнеркәсіп палатасында республика Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовскаяның қатысуымен үкіметтік емес ұйымдар басшылары, жергілікті кәсіпкерлермен және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар бірқатар мәселелерді тақылады, солардың ішінде - солтүстікқазақстандық өндіріс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаумәселелеріне айрықша назар аударылды.

С.Романовскаяның айтуынша, өңірлік бизнестің қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер жасалған, бұл ретте тауарларды өткізу нарығын дұрыс жолға қою қажет. Бүгінде мемлекет кәсіпкерлерге едәуір қолдау көрсетуде, Елбасы өзінің жаңа Жолдауында осы бағытта әрі қарай жұмыс істеуге шақырды.

Жұмыс сапары аясында халық қалаулысы облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын «Партнер-авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

«Партнер-авто» ЖШС директорының орынбасары Боскен Төлегеновтің айтуынша, «Бұл шара кәсіпорынның барша ұжымы үшін аса қызықты да пайдалы болды, себебі онда білім және кәсіби деңгейді арттыру, әлеуметтік сипаттағы өзекті тақырыптар қаралды».

Светлана Романовская №8 эстетикалық тәрбие беру мектебінің оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесті. Әңгіме тақырыбы - білім саласының дамуы болды. Онда аталып өткендей, соңғы 15 жылда білім саласына бөлінетін қаржы көлемі 9,5 есе артты, осы әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда.