Солтүстік Қазақстанда жаңа аудан әкімі тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтынбек Абдуллаевты Есіл ауданының әкіміқызметіне тағайындау туралы ақпарат облыс әкімдігінің ресми сайтындажарияланды.

А. Абдуллаев өткен жылдың шілдесінен қазіргітағайындауға дейін ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

1962 жылы 8 наурызда дүниеге келген. 2 жоғарыбілімі бар.1984 жылы Алматы зооветеринария институтын «Ветеринарлық дәрігер»мамандығымен тәмамдаған. 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын«экономист» мамандығымен бітірді.

Еңбек жолын Көкшетау облысы Чистопольеауылында бастаған. Кеңшарда мал дәрігері, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген.Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппарат басшысы, Мәмлүт, Қызылжар аудандарыәкімдерінің орынбасары болған. 2012-2018 жылдары ауыл шаруашылығы басқармасыбасшысының орынбасары ретінде еңбек етті.



Автор: Олеся Жуковень