Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, 18 қазанға шаққанда облыста 98,9 пайыз дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектардан 21,7 центнерді құрады. Барлығы биылғы жылы егіс алқаптары 4,5 млн. гектарды құрады, оның 3 млн. 900 мың гектарында дәнді дақылдар егілген.
Ақжар және Уәлихан аудандарында астық жинау аяқталды. Таяу күндері күзгі-егістік жұмыстары облыстың барлық аудандарында да аяқталады.