Оңтүстік Кореяның «Схонан» корветінің апат болу себебін тексеру жөніндегі халықаралық комиссияның қорытындысы жария етілгеннен бері Корей түбегіндегі ахуал ушығып отыр.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, кеме солтүстіккорейлік сүңгуір қайық жіберген торпедоның салдарынан жарылып, суға кеткен. Ал Пхеньян болса, наурыз айында орын алған және 46 адам құрбан болған бұл оқиғаға өзінің қатысы жоқ екенін айтып,
өз комиссиясына тексеру материалдарымен танысуға рұқсат беруді талап етуде.