Анықталғанындай, бір қабатты жатақхана мердігер компания «Арман Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Сағат 12.10-да шыққан өрт ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының жеке құрамдағы 8 адамы мен 2 техникасының күшімен екі сағаттың ішінде ауыздықталды.
Жалынның шарпыған жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрады. Соның салдарынан ғимарат түгелімен қирады. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.