Автопаркті жаңартуға 300 млн теңге жұмсалған. Бұл қаржыға сонымен қатар кеудеге тағылатын бейнетіркегіш құралдары сатып алынды.
«Біз жылдан жылға көліктер алып отырамыз. Былтыр да 100 автокөлік алынды, биыл 55 көлік алып жатырмыз. Жалпы материалдық базамыз нығайтып, биыл әжептәуір күшейіп қалды. Ол әрине, бізге үлкен көмек. Мына біздің жұмысымызды нығайтуға, жұмысымызды жақсы істеуге көмек болады», дейді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев.
Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда ерекше ерлігімен көзге түскен 100-ден астам тәртіп сақшысы марапатталды. Әріптестерін құттықтауға Ресейдің шекаралас Қорған облысының қызметкерлері де келіп, мерекелік концерт ұйымдастырды.