Роман 500 метрлік қашықтыққа жүгірді. Дистанцияны 35,53 секундта бағындырған спортшы олимпиадалық нормативті орындады. Әлемдік рейтингте Роман Креч үздік 20 конькишінің қатарына кіріп отыр.
Ванкувер Олимпиадасына қатысудан үміткерлердің қатарында солтүстікқазақстандық тағы үш спортшы бар. Олар - халықаралық санаттағы спорт шеберлері, 2006 жылғы Олимпиадаға қатысушылар Дмитрий Бабенко мен Наталья Рыбакова, сондай-ақ Татьяна Сакирко. Олар жақында Американың Солт-Лейк-Сити қаласында өтетін Әлем кубогында олимпиадалық нормативті орындаған жағдайда, лицензияға қол жеткізеді.