Соңғы тәулікте 47 науқас коронавирустан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 47 адам - коронавирустан, тағы 10 адам - пневмониядан көз жұмған.

Коронавирустан қайтқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 11 науқас.

Қарағанды облысында - 10, Қызылорда және Атырау облыстарында - 4 адамнан, Шымкент қаласында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында - екі адамнан, Маңғыстау және Павлодар обылстарында - бір адамнан дүниеден озған.