деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен. Бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда, 31,4 пайызға көп. Соңғы төрт жылда білім беру саласына жұмсалған қаржы көлемі үш есеге өсіп отыр.
Былтыр жыл бойына облыста 4 377 балаға арналған 61 балабақша ашылды. Сөйтіп, мектепке дейінгі дайындық ұйымдарының саны 244-ке жетті. 2010 жылдың қаңтар айының 1-індегі жағдай бойынша 35 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 24 мектеп «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынды. Сондай-ақ былтыр 300 білім ошағына 7,3 миллиард теңге соманың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстың 1 013 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 13 мектеп бойынша жұмыс құнына түзетулер енгізудің нәтижесінде бастапқы 6,6 миллиард теңге сома 1,8 миллиард теңгеге дейін азайтылып, нәтижесінде республикалық бюджеттің 4,8 миллиард теңге қаржысы үнемделді.