Сот Евсюковті өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарды

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Мәскеу қалалық соты астананың «Царицыно» ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығы Денис Евсюковті айыптаудың барлық тармағы бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарды,

деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Евсюков өткен жылғы сәуір айында «Остров» супермаркетінде бейберекет оқ атып, екі адамды қазаға ұшыратқан және тағы 22 адамды жарақаттаған болатын.