Сот кәсіпкердің құқығын қорғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Носенко» ЖК-нің «Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау жөніндегі мемлекеттік органның шешімі туралы арызы қаралды.

Басқарманың хатына сәйкес, ЖК-ге қатысты салықтық зерттеулер жүргізілгені белгілі болды. Соның нәтижесінде тіркеу орны бойынша салық төлеушінің жоқ екені анықталған. Кейін пошта байланысы арқылы тұрғылықты орнын растау туралы хабарлама жолданған. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған. Бұдан басқа, ЖК ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тасталған.

Сот отырысында анықталғандай, салықтық тексеру кезінде кәсіпкер А.Носенко өндірістік қажеттіліктерге байланысты Ресей Федерациясына көлік сатып алуға кетіп қалған. Ол белгіленген мерзімде көлікті сатып алу-сату шартымен және көлік құралын тіркеу туралы куәлікпен расталады. Басқарма қызметкерлерінің оған салықтық тексерудің қорытындылары туралы хабарламаны жеке қолына табыс ету мүмкін емес болған, ал басқаша түрде оны хабарламаған. Кәсіпкер салық органдарының оның қызметін тоқтатуға ниетті екенін де білмеген. Басқарма өкілдерінің кәсіпкердің есеп туралы деректерін ұсынбағаны туралы дәйектері расталмады.

Барлық анықталған мән-жайлар негізінде сот «Носенко» ЖК ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау туралы «Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РМБ актісінің күшін жою туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, Басқармаға «Носенко» ЖК құқықтарын, бостандығын және қорғалатын заңды мүддесін бұзуға жол берген бұзушылықтарын толық көлемде жоюға міндеттеді. Шешім заңды күшіне енді.

Астана қалалық сотының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатының шешімі өзгеріссіз қалдырылды.