ОРАЛ. 14 маусым. ҚазАқпарат - Тасқала аудандық соты «махаббат» тақырыбында бірнеше күн бойы сөйлесіп, «Қазақтелеком» АҚ-ға 860 мың теңге қарыздар болып қалған тұрғыннан сол қаржыны өндірді.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ер адам интимдік қызмет көрсететін фирма арқылы бірнеше күн бойы қалааралық телефон арқылы әйелмен сөйлескен. Бірақ бұл фирманың қызметі осыншама қымбат (1 минутына 330 теңге) екенін білмеген. Байланыс қызметкерлерінің оның сөйлескенін дәлелдегеннен кейін бәрін де мойындауға тура келді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).