Облыстық сот актілерін орындау департаментінен Айгүл Досқұлованың хабарлағанындай, аталған азамат банктен ірі көлемде несие алып, оны қайтаруға асықпаған. Банкке амалсыз сотқа жүгінуге тура келген. Оның үстіне сот орындаушысынан бірнеше рет ескерту алса да, сот шешімін орындаудан жалтарған. Шын мәнісінде оның меншігінде үй, 8 автокөлік және жер телімі бар болып шықты. Сот орындаушысы оның мүліктерін тәркілеп, қарыз иесінің Қазақстаннан тысқары жерлерге шығуына шектеу қойғаннан кейін ғана С. бережағын өтеген.
17:19, 15 Мамыр 2012
Сот несиені қайтаруға асықпаған азаматтан банк пайдасына 19 млн. теңге өндіріп берді
ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қалалық №2 соты С. деген азаматқа «Жинақбанк» АҚ пайдасына 19 млн. астам теңгені өндіруді міндеттеді.