Ал қаржылай өндірілген сома 35 миллиардтан астам теңгені құрайды. Бұл мәліметтерді бүгін «Қазіргі замандағы прокурорлық қадағалаулардың өзекті мәселелері» атты тақырыпта қала және аудан прокурорларының біліктіліктерін арттыруға арналған семинар барысында Жоғарғы соттың Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, бұрындары сот шешімдерінің 30-35 пайызы орындалса, қазір бұл көрсеткіш 75 пайыз көлемінде. «Алайда сот шешімдерінің орындалу жағдайы әлі де болса, нашар» деді И.Елекеев.