Сот «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 281-бабы 6-бөліміне сәйкес кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 2400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды, ол 4 756 800 теңгені құрады. Сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесінде 141 427 988 теңге көлеміндегі тапқан пайдасын тәркіледі», - делінген хабарламада.
«Арселор МитталТеміртау» АҚ-ға қатысты әкімшілік материал сотқа Теміртау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасынан түскен.
Сот отырысында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тауарды тасымалдау келісімшарты негізінде «Оқжетпес» ЖШС-ге құны 141,4 млн. теңге болатын 1300 тоннадан астам жанар-жағар май және дизельді отынды сатқан. Бұл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Оқжетпес» ЖШС арасындағы мұнай өнімдерінің сату-сатып алу туралы бекітілген шот-фактураларымен расталды. Алайда тауар жөнелту жөніндегі құжаттар рәсімделмеген», - деп түсіндірді сотта.
Айыппұл салғаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанғаны аталып өтілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.