Сотталушылар тобының түрмеден үңгір арқылы қашу әрекетінің алды алынды - ШҚО

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің қырағылығының арқасында елдің шығысында орналасқан түзеу мекемелерінің бірінде бір топ сотталушының қашу әрекетінің алды алынды,

 деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

 Бес адамнан құралған топтың қазылған үңгір арқылы  қашпақ болғаны анықталды. ҚАЖ қызметкерлері «жерасты дәлізді» бастапқы кезеңінде,  санаулы метрлер қазылғанда ғана білген. Үңгірді қазу орны босқа таңдалмаған: оған жақын жерде жылу трассасының ескі қараусыз қалған желісі орналасқан, ал мұндағы топырақ та тығыз емес.

 Бұл оқиға бойынша жиналған материалдар қылмыстық қудалау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.